2017 жылы Астана - Щучинск ақылы жолынан 1,5 млрд теңге жиналды. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметінен хабарланды.
Жиналған барлық қаражат төлем жүйесі құралдарын жаңартуға және жол құрылымын реттеуге жіберілген.
"2017 жылы жалпы көлік қозғалысының саны 2,7 миллионды құрады. 2016 жылмен салыстырғанда көлік ағыны 2,2 пайызға өскен", - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылы ақылы жолда төлем алу, деректерді сақтау, жұмыс станциялары жүйесі және автокөлік қозғалысына қатысты фотосуреттердің сапасы мен санын реттейтін көпфункционалды құрылғылар жүйесі орналастырылған.
"Алдын ала төлеу қызметін арттыру бойынша жұмыс жалғасуда. "Теңге" төлем жүйесі бойынша келісім жасалып, оны интеграциялау сәтті аяқталды. Сондай-ақ, Еуропа мен Ресей территориясыында жұмыс істейтін «E100» жанармай картасын пайдалану бойынша «E100 Central Asia» компаниясымен келісімге қол қойылды, оларды интеграциялауға қатысты жұмыс жүргізілуде", - делінген баспасөз хабарламасында.