АҚШ қорғаныс қабілетін арттыруға күш салады. Бұл туралы Американың жаңадан жарияланған Ұлттық қорғаныс стратегиясында айтылды. АҚШ-тың Қорғаныс министрі Джеймс Мэттистің хабаррлауынша, мемлекет енді сыртқы саясатында терроризммен күреске емес, әлемдегі Ресей мен Қытай сияқты алып державалармен бәсекеде өз артықшылықтарын қалыптастыруға баса назар аударатын болады. Бұл туралы ВВС ақпараттық агенттігі жазды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп жаңа стратегия аясында қарастырылған бюджетке өзгерістер енгізіп, қорғаныс саласына бөлінетін қаражат 10 пайызға өсетінін мәлімдеді. Бұл - 54 млрд $ айналасындағы қаражат. Өткен жылмен салыстырғанда арта түскен бюджеттегі үстеме қаржы шет елге берілетін әртүрлі көмектердің бірқатарын қысқарту арқылы үнемделетін болады.
Джеймс Мэттистің айтуынша, АҚШ-тың әскери саладағы басымдығы күн санап қатардан қалып келеді. Ол бұл олқылықтың орнын толтыру үшін жаңа технологиялар мен заманауи құрал-жабдықтарға инвестиция салу арқылы әуе, құрлық, теңіз және кибер қауіпсіздік салаларындағы техникалық әлеуетті арттыру қажеттілігін де атап өтті. "Бірақ бұл бұрынғыдан көп ақша бөлуді емес, қолда бар қаражатты тиімді жұмсау дегенді білдіреді", - деді ол.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау