Катар мен НАТО арасында қауіпсіздік туралы келісім жасалды. Катардың Қорғаныс министрлігінің келісімдер жөніндегі басқармасы бұл туралы жазбаша мәліметті жария етті. Бұл туралы «Түрік Теле-Радио» қызметінің сайты хабарлады.
Бельгияның орталық қаласы Брюссельде НАТО Бас хатшысының орынбасары мен Роуз Готемоэллер мен Катардың қорғаныс өкілі Тарик Жалид Абдели келісімге қол қойған. Аталған келісімде қауіпсіздік, қорғаныс саласындағы ынтымақтастық қамтылған. Сонымен бірге, тараптар қорғаныс пен қауіпсіздікке қатысты мәліметтерді ортақтасуға келісті.
Сауд Арабиясы бастаған араб елдерінің Катармен дипломатиялық қатынастарын үзіп, «Катар дағдарысы» деп аталатын дипломатиялық дағдарысты жасағаннан кейін Катар әмірлігі Түркия, Иран және НАТО-ға мүше елдермен қорғаныс, сауда-саттық, азық-түлік қауіпсіздік салаларында ынтымақтастықты арттыра түсті.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі