Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Сүрия шекарасын қорғауға құрылған әскери коалициясының көзін жоймақ.
Бұл жайында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған журналистер алдында сөйлеген сөзінде мәлімдеген. Ол онда: «АҚШ-тың Сүрияның солтүстігінде күрдтермен бірігіп әскери коалиция құруы Түркияның тұрақтылығына қауіп төндіреді. Біздің мақсатымыз - аталмыш әскери коалицияның көзін жою. Егер АҚШ-тың жабайылармен байланыс орнатқысы келсе, ол олардың жұмысы. Бірақ біз оларға әскери коалиция құруға жол бермейміз» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін АҚШ Сүрия аумағында өзінің одақтастарымен бірігіп шекара қауіпсіздігі күштерін құратынын мәлімдеген. АҚШ бастаған әскери коалицияның базасы Ирак пен Түркия шекарасы маңында және Ефрат өзенінің бойында орналасатын болады деп жоспарлануда. Жаңадан жасақталатын коалицияның құрамында 30 мыңға жуық сарбаз болады деп күтілуде.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды