Еуроодақ АҚШ, Жапония және Қытайдан тәуелсіз болу үшін өзінің суперкомпьютерін жасап шығармақ.
Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Еуроодақ суперкомпьютер құрастыруда АҚШ, Жапония және Қытайды қуып жету үшін 1 миллиард еуро қаржы бөлген. Жоспар бойынша, 2020 жылы Еуроодақ елдері секундына жүз квадриллион жылдамдықпен есептейтін екі бірдей суперкомпьютер құрастырып шығаруы тиіс. Ал 2022 жылға қарай Еуропа толықтай секундына квинтиллион жылдамдықпен есептейтін жаңа дәуірдің компьютерін пайдалануға көшуі керек. Қазіргі таңда аталмыш жобаға қатысуға Франция, Германия, Люксембург, Нидерланды, Греция, Италия, Испания, Швейцария, Португалия, Словения, Хорватия, Бельгия және Болгария елдері ниет білдірген.
Айта кететін бір жайт, қазіргі уақытта Еуропа елдері суперкомпьютер құрастыруда Қытай, АҚШ және Жапония елдерінен бірнеше жылға артта қалып қойған. Олар тіпті суперкомпьютерлердің кейбір бөлшектерін Қытай мен АҚШ-тан жалға алуға мәжбүр. Ал бұл Еуроодақ басшыларының алаңдаушылығын туғызуда. Себебі Қытай, АҚШ немесе Жапония өздерінің суперкомпьютерлері арқылы мемлекеттік құпия құжаттарды қолды қылуы мүмкін.


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау