2014 жылдың желтоқсанынан кейін Brent маркалы мұнай бағасы бірінші рет 70 доллардан асты.
2018 жылдың 12 қаңтарында мұнайдың наурыз айына арналған фьючерс бағасы барреліне 70,03 долларға дейін көтерілген. Алайда сәл уақыттан кейін баға қайтадан 69 долларға дейін түскен. Астана уақытымен 8:40 шамасында қара алтынның құны барреліне 69,29 долларға бағаланған.
Мұнай бағасының өсуі АҚШ-тағы қордың азаюымен және қыс мезгілінде мұнай өнімдеріне сұраныстың артуымен байланысты. Америка энергетика министрлігінің мәліметіне қарағанда 5 қаңтардан бері елдегі мұнай қоры 4,95 млн баррельге азайған.
Бұдан бөлек, бағаның қымбаттауына Біріккен Араб Әмірлігінің энергетика министрі Суахиль аль-Мазуридің Ресей мен ОПЕК арасындағы мұнай көлемін шектеу туралы келісімінің мерзімі тағы ұзаруы мүмкін екені туралы мәлімдемесі әсер еткен.