Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев кәсіпкерлерге шетелдегі барлық қаржы активтерін елге қайтару керектігін айтты.
Шавкат Мирзиеев аталмыш мәлімдемені Ташкент облысы Халық депутаттары кеңесінің отырысында жасаған. Ол онда: «Мен Өзбекстан банктерінде қаржысын сақтайтын азаматтарды тексеруге жол бермеймін. Ақшаларыңызды елге алып келіңіздер, зауыт салыңыздар, кластерлер жасаңыздар, қанша пайда тапқыларыңыз келеді сонша пайда табыңыздар. Бұрынғы уақыт өтті. Болар іс болды» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев та қазақстандық миллиардерлерге шетелдегі қаржыларын елге қайтару керек екендіктерін айтқан. Кейіннен БАҚ беттерінде "Ұлттық Қордың 40 пайыз қаржысы (22 млрд доллары) АҚШ-та бұғатталып қалды" деген ақпарат тараған.