Иран Ислам Республикасының экс-президенті Махмуд Ахмадинежад тұтқындалған жоқ – деп хабарлайды «Erm News» порталы.

Махмуд Ахмадинежадтың елдегі ереуілдерге байланысты тұтқындалмағанын «Erm News» порталына оның қорғаушысы айтқан. Бірақ портал басшылығына өзінің аты-жөнін жарияламауды сұраған Ахмадинежадтың адвокаты, қазіргі таңда саясаткердің қайда екендігін айтудан бас тартқан.

Естеріңізге салайық, бұған дейін «Al-Quds Al-Arabi» басылымы Иран Ислам Республикасында болған ереуілге байланысты экс-президент Махмуд Ахамдинежадтың тұтқындалғандығы жайында ақпарат таратқан болатын. Бірақ ресми Теһран Ахмадинежадтың ұсталуына байланысты ешқандай мәлімдеме жасамаған.

“The Qazaq Times”