АҚШ Президенті Дональд Трамп әкімшілігі Мексика шекарасында қорған тұрғызу үшін конгрестен 18 млрд доллар қаражат сұрады. Бұл туралы The Washington Post хабарлады, деп жазды РБК
АҚШ-тың Кеден және шекара қызметінің есебінше, алдағы он жыл ішінде аталған қорғанды тұрғызу үшін және ол жерде қызмет көрсетуге кемінде 33 млрд доллар жұмсалуы мүмкін.
Ал оның ішінде 18 млрд доллар қамалдың 508 шақырымын (316 миль) салуға және қазірдің өзінде салынған 655 километр шекара құрылымының (407 миль) жұмысын күшейтуге жұмсалады. Егер осы жоспарланған жұмыстың барлығы аяқталса, онда 2027 жылға қарай Америка шекарасының жартысынан көбі қамал арқылы қорғалатын болады.
Бұдан бөлек, шекара қызметіндегі қызметкерлерді оқыту үшін 8 млрд доллар, шекара маңындағы нысандарды жаңа технологиялармен қамтуға 5 млрд доллар, шекараға қосымша жол салуға кемінде 1 миллиард доллар қажет.
Айта кетейік, Дональд Трамп президенттік сайлау науқаны кезінде Мексика мен АҚШ арасында қорған тұрғызуға уәде берген. Алайда ол қорған тұрғызуға жұмсалатын қаражат Мексика тарапынан төленетінін айтқан еді.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді