2017 жылы Солтүстік Корея ұшырған зымырандардың бірі Токчхон қаласына құлаған – деп хабарлайды "The Diplomat" газеті.
Басылым мәліметінше, Солтүстік Кореяның 2017 жылдың 29 сәуірінде ұшырған Хвосон-12 зымыранының қалдықтары 237 мың тұрғыны бар Токчхон қаласына құлаған. Салдарынан шаһардағы ауыл шаруашылығы мен жеңіл өнеркәсіпке арналған бірнеше ғимарат пайдалануға жарамсыз болып қалған. Зымыран қалдықтары түнде құлағандықтан адам шығыны болмаған.

Естеріңізге салайық, өткен жылдың сәуір айында Солтүстік Корея өзінің кезекті қысқа қашықтықтағы Хвосон-12 зымыранын сынақтан өткізген болатын. Кейіннен БАҚ беттерінде Хвосон-12 зымыранының әуеге көтерілген бетте жарылып кеткендігі айтылған. Бірақ ол кезде зымыран қалдықтарының қандай да бір елді мекенге құлағандығы жайында ешқандай ақпарат тарамаған.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды