Қазіргі таңда күн жүйесінің қалай пайда болғандығы жайында түрлі болжамдар бар. Бірақ дүниежүзі ғалымдары әлі күнге дейін бір тұжырымға келген жоқ. Биыл АҚШ-тың Чикаго университетінің ғалымдары «күн жүйесі алып ғарыш шарының ішінде орналасқан» деген жаңалық ашты.
Осы уақытқа дейін адамзат баласы күн жүйесі бірнеше миллиард жыл бұрын жаңа жұлдыз жарылысынан кейін пайда болды деп есептеп келді. Бірақ Чикаго университетінің ғалымдары ұсынған модель бойынша, күн жүйесі жаңа жұлдыз жарылысынан емес, Вольфа-Райе классына жататын күннен 40-50 есе үлкен жұлдыздың жарылуы нәтижесінде пайда болған. Аталмыш классқа жататын жұлдыздар ең ыстық ғарыш денелерінің қатарына кіреді. Вольфа-Райе жұлдыздары жарылғанда одан өте көп мөлшердегі химиялық элементтер бөлінеді. Олар жұлдыз бетіндегі желмен реакцияға түсу арқылы алып шар пайда болады. Қазіргі күн жүйесі сол алып шардың ішінде орналасқан.
Чикаго университетінің профессоры, геофизик Николас Доффастың сөзінше, Жаңа модель «күн жүйесі жаңа жұлдыздың жарылуынан пайда болды» деген гипотезадан өзгеше. Себебі ол басқа теориялар түсініктеме бере алмайтын түсініксіз аспектіні түсіндіріп бере алады. Бұл аспект өте маңызды, өйткені ол біздің күн жүйеміздің қалған галактикалардан айтарлықтай өзгеше екендігін дәлелдейді. Атап айтқанда, біздің күн жүйеміздегі кейбір изотоптардың үлес салмағының шамадан тыс көп немесе керсінше, шамадан тыс аз болуына осы уақытқа дейін ешбір ғылыми еңбек түсініктеме бере алмаған. Мысалы: 2015 жылға дейін дүниежүзі ғалымдары күн жүйесіндегі алюмини -26 изатобының не себепті шамадан тыс көп екендігін немесе темір-60 изотобының не себепті аз болатынына жауап таба алмай келген. Бұл түсініксіз дүниелердің барлығына Чикаго университетінің ғалымдары өздерінің «Волфа-Райе» ғылыми еңбегінде жауап беруге тырысқан.
Олардың ойынша, Волфа-Райе жұлдызы жарылыс кезінде алюмини-26 изатобын шамадан тыс бөліп шығарған. Кейіннен олар тартылыс күшінің әсерінен бір жерге топтасып күн жүйесін қалыптастырған. Бірақ Чикаго ғалымдары Волфа-Райе жұлдызының жарылыстан кейінгі жай-күйі жайында және темір-60 изатобының күн жүйесінде не себепті өзге галактикалармен салыстарғанда аз мөлшерде екендігіне толыққанды түсініктеме бере алмаған.