«Qazaq Banki» АҚ жеке капиталының 8 млрд теңгеге жоспарлы ұлғайтуының іске асырылғандығын хабарлайды.
Qazaq Banki Басқармасының Төрағасы Ғани Тоқсанбаевтың сөзінше, банк капиталының ұлғайтылуы Ұлттық Банктің пруденциялық нормативтердің өзгерістері және жаңа жылдан бастап ХҚЕС стандарттарының күшіне енуіне байланысты капиталға қойылатын барынша жоғарылатылған талаптарға толығымен сәйкес келуге ұмтылумен ғана талап етілмеген. Жүргізілген капиталдандыру Банктің бұдан әрі өсуі және оның несиелік рейтингтерін жақсарту үшін жеткілікті қаржы резервін қамтамасыз етеді.
Qazaq Banki акционерлерімен клиенттер және серіктестер алдында міндеттемелерді орындау және қаржы институтының тұрақты қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін 60 млрд теңге көлемінде қорды құрған. Банк негізгі бөліктің түсімі 2018 жылдың қаңтарында күтілетін, мәлімделген сомадан алғашқы траншты алып үлгерді.
2017 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша Банк активтері 429 млрд теңгені құрап, оның ішінде несие портфелі 339 млрд теңгеге жеткен. Міндеттемелер 382 млрд теңгені құраған. Банктің жеке капиталы 47 млрд теңгені, оның ішінде жарғы капиталы 39 млрд теңгені құрады. 2017 жылдың 11 айы үшін қаржы нәтижесі 2 890 млн теңге көлемінде болған.
Айта кетейік, бұған дейін Bank RBK да жеке капиталын ұлғайтқаннан кейін Ұлттық банкітң сауықтыру бағдарламасына қатысатынын мәлімдеген.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді