Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 2018 жылға арналған мемлекеттік бюджет жобасына қол қоймай қойды.
Шавкат Мирзиеев 2018 жылғы бюджет жобасы жайында ел парламентіне жасаған жолдауында айтқан. Ол онда: «Мемлкеттік бюджет Қаржы министрлігіне емес халыққа арналып жоспарлануы тиіс. 2018 жылға арналған бюджет жобасы қашан халыққа арналып жасалады мен сол кезде оған қол қоямын. Халық салық төлеу үшін ақша табу керек. Егер бір айдың ішінде бюджет жобасы өзгертілемесе мен премьер-министрдің орынбасарынан бастап, қаржы министріне дейін жұмыстан қуамын» -деген.
Естеріңізге салайық, 20 желтоқсан күні Өзбекстан Сенаты Қаржы министрі Жамшид Қошқаров ұсынған 2018 жылға арналған бюджет жобасын мақұлдаған болатын. Қабылданған негізгі қаржылық құжатықа сәйкес, 2018 жылғы мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі 62,23 трлн сом немесе жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 21,4% құрайды. Ал шығыс бөлігі 62,17 трлн сом немесе ЖІӨ-нің 21,4% -ын құрайды.