Сауд Арабиясы телеарналарының таратқан хабарына қарағанда, Сауд Арабиясының әуе қорғаныс күштері Йеменнен Эр-Риядқа атылған тағы бір зымыранды кеңістікте атып құлатқан. Бұл екі ай ішінде Йеменнен Сауд Арабиясына бағытталған екінші зымыран шабуылы. Бұл туралы «WSJ» басылымы хабарлады.
Хусит ұйымына қарасты Almasirah телеарнасының хабарында аталған ұйым Сауд Арабиясының орталық қарасына бағыттаған «Вулкан H2» зымыранын іске қосқаны айтылған. Зымыран әл-Ямамах сарайын нысанаға алған.
Бұл зымыран шабуылы Парсы Шығанағының екі жағалауындағы Иран мен Сауд Арабиясының арасындағы шиеленісті тіпті де күшейте түсті. Сауд Арабиясы мен Иран – Орта Шығыста ықпалын арттыруға қатар құлшынып отырған бақталас елдер. Йемендегі азаматтық соғыста қарсылас екі күшті қолдаған Иран мен Сауд Арабиясы екіжақты қарым-қатынасы барған сайын салқындап, ашық жаулыққа айналып барады.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті