Калифорния штатының Денсаулық сақтау департаменті ұйықтар кезде смартфонды бірге алып жатудың қандай қауіпті болатыны туралы есеп жариялады, деп хабарлайды РИА Новости.
Құжатта айтылғандай, смартфон құрылғыларындағы радиожиіліктер есте сақтауға және есту қабілетіне кері әсерін тигізеді, ұйқы кезінде түрлі проблемалар туғызып, бас ауруларына, бедеулікке және қатерлі ісікке әкеп соғуы мүмкін.
Сондай-ақ, смартфонды шамадан тыс қолдану - балалар мен жасөспірімдер үшін үлкен қауіп. Себебі, радиожиілік энергиясы балалардың өсуіне әсер ететіндіктен, оларға гаджет өте зиянды және мобильді құрылғыны ұзақ пайдалану салдарынан жасөспірімдерде түйсік, мінез-құлық проблемалары тіпті есту қабілетінің нашарлауы сынды проблемалар туындауы мүмкін.
Баяндама авторлары бұдан бөлек телефонмен сөйлескен кезде құлаққапты пайдаланған жөн екенін және ұйқы кезінде гаджетті төсекке немесе оған жақын жерге қоймау керектігін айтады.