Ливанда Ұлыбритания елшілігінің дипломаты өлтірілді – деп хабарлайды OTV телеарнасы.
Жергілікті полиция қызметкерлерінің хабарлауынша, Ливандағы Ұлыбритания елшілігінің қызметкері Ребекка Дайкстың денесі Бейрут қаласынан шығатын тас жол жиегінен табылған. OTV телеарнасының мәліметінше, қаскөйлер Ребекка Дайксты зорлап, кейіннен тұншықтырып өлтірген. Бейруттегі Ұлыбритания елшілігі аталмыш оқиғаға байланысты ешқандай ресми мәлімдеме жасамаған. Елшілік баспасөз қызметі БАҚ өкілдерінің жолдаған сауалына: «Біз Ребекка Дайкстың өліміне қатысты Ливан билігімен бірге жұмыс істеудеміз» - деп қысқа ғана жауап берген.

Фото: telegraph.co.uk
Ребекка Дайкс
Естеріңізге салайық, осыдан бір жыл бұрын 19 желтоқсан күні Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты 22 жастағы полиция қызметкері Мевлют Мерт Алтынташ сурет көрмесінің ашылуында атып өлтірген болатын. Ол өзінің бұл әрекетін «Ресей билігінің Сүриядағы саясатына қарсылық» деп түсіндірген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды