Қазақстанның «Эйр Астана» әуе компаниясы 2017 жылы 4 миллионыншы жолаушыны тасымалдады және бұл компания тарихындағы рекордтық жылдық көрсеткіш, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
Жалпы осы жылы «Эйр Астана» 4,2 млн жолаушыны тасып, өткен жылғы көрсеткішті 12%-дан асырмақ. Жолаушы тасымалы 2017 жылғы маусым мен қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 дүниежүзілік көрме өткен күндері Астанаға келген халықаралық жолаушылар есебінен өскен.
Сондай-ақ «Эйр Астана» тасымал көлемін Астанадан Лондон, Бейжің, Ыстамбұл, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург, Омбы, Тбилиси, Ташкент, Бішкек, Бангкок және Сеул қалаларына ұшу жиілігін ұлғайту бойынша арттырды. Маусымда Астана-Дели тікелей рейсі ашылып, Астанадан Киевке рейс қайта басталған. Қосымша жиіліктер Алматыдан Санкт-Петербург және Теһран (Тегеран) қалаларына қосылған.