Ливияның экс-басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Муаммар Каддафи Сейф әл-Ислам президент сайлауына қатыспақ – деп хабарлайды Egypt Today газеті.
Басылым мәліметінше, Муаммар Каддафидің ұлы Ливияда 2018 жылы өтетін президент сайлауына қатыспақ. Каддафи отбасының өкілі Басем әл-Хашеми ас-Соулдің сөзінше, Муаммар Каддафи Сейф әл-Ислам өзінің сайлау алды бағдарламасын дайындап қойған және жақын күндері оны жұртшылық назарына ұсынуды жоспарлап отыр. Бұған дейін БАҚ беттерінде Сейф әл-Исламның саясат сахнасына келгендігі жайында ақпарат тараған.
Естеріңізге салайық, Сейф әл-Ислам 2011 жылы әкесі Муаммар Каддафи өлтірілгеннен кейін, 6 жыл бойы Әбу Бакр ас-Сиддик ұйымында тұтқында болған. Оны маусым айында Ливия Парламентінің шешімі бойынша босатқан.


















Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
31 мамыр: Ұмытылған әлде билік әдейі ұмыттырғысы келген тарих па?