16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Себебі 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі “Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы” заңды қабылдап, республика өзінің тәуелсіздігін жариялады.
Тәуелсіздік - бұл кез келген мемлекеттің зор мәртебесі. Ал Қазақстанның сол мәртебеге ие болғанына, міне бүгін 26 жыл толып отыр. Бұл күнді қазақ халқы жүрегімен сезінуі керек. Осы Тәуелсіздік туының желбіреуіне ықпал еткен 1986 жылдың жастары әр қазақтың жүрегінде болуға тиіс. Ендеше осындай ата-баба қанымен келген, егемен елдің төл мерекесі Тәуелсіздік күні құтты болсын дейміз. Қазақстанның егемендігі, еркіндігі, азаттығы жасай берсін. Тәуелсіздіктің туы құламасын!!!