Өзбекстан Қырғызстанға 100 миллион доллар қаржы бөлетін болды.
Ca-news ақпарат көзінің мәліметінше, ресми Ташкент қырғыз кәсіпкерлеріне 100 миллион доллар несие бермек. Қырғызстан экономика министрі Артем Новиковтың сөзінше, бөлінген қаржының барлығы Өзбекстан тауарларын Қырғызстан аумағына импорттауға жұмсалады. Бірақ аталмыш несиенің мемлекеттік емес қаржы институттары арқылы бөлінетініне байланысты, үкімет несиені тиімді пайдалануға байланысты жауапкершілікті өз мойынына алмайды.
Естеріңізге салайық, жақында Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Өзбекстанға ресми іс-сапармен барған болатын. Іс-сапар барысында Жээнбеков Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевпен кездесіп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларды дамытуға байланысты келіссөздер жүргізген.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды