Ресей Федерациясының Кеден қызметі 11 желтоқсанда таратқан мәліметтерге қарағанда, ағымдағы жылдың алғашқы 10 айында ресейлік мұнай экспорты өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда шамамен 30% -ға артқан. Бұл туралы «People» басылымының ресми сайты хабарлады.
Аталған мәліметке сенсек, 2017 жылдың алдынғы 10 айында Ресейдің мұнай экспорты 76,93 млрд. АҚШ долларын құраған. 2016 жылы бұл көрсеткіш 59,66 млрд. АҚШ доллары болған. Осы мезгілдерде Ресейдің экспорттаған мұнай көлемі 214 млн тоннаға жетіп, өткен жылдың алдынғы он айынан 0,5 пайызға артқан.
Аталған мерзімде Ресейдің алыс шетелдерге экспорттаған мұнай көлемі жалпы экспорттың басым бөлегін иелейді. Яғни, алыс шетелдерге 199 млн тонна мұнай шығарып, оның құны 72,73 млрд. АҚШ долларына тура келген. ТМД елдеріне экспорттаған мұнай көлемі 15 млн тонна болып, бұдан Ресей қалтасына 4,2 млрд АҚШ доллары құйылған.
Ресей әлемдегі ірі мұнай өндіруші және экспорттаушы елдердің бірі. 2016 жылғы көрсеткіште РФ жалпы көлемі 547 миллион тонна мұнай өндіріп, оның 254 миллион тоннасын шетелге сатқан.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді