Бір күн бұрын, Ресей мен Қытай қарулы күштері бірлескен «Ынтымақтастық-2017» әскери жаттығу Қытай жерінде басталды. Әскери жаттығу екі ел арасында террорлыққа қарсы күрестегі ынтымақтастықты дамытуды мақсат еткен. Бұл туралы сол елдің «People» басылымы жазды.
Жаттығу Қытайдың Ниңшя дүнген автономиялы регионына қарасты Юнчуан ауданында өткізілуде. Жаттығу талаптарында шабуыл жасау, әскери операцияны жүйеге келтіру, лаңкестерге қарсы тактикалық жаттығу, қарсылық көрсету, тактикалық жаттығу, қолбасшылық жаттығу, соғыс тактикасын алмастыру, бірлескен әскери бөлімшелердің әрекетін үлестіру және лаңкестерге ортақ соққы беру қатарлы түрлерге бөлінген.
Қытай Қорғаныс тарауларының мәліметіне қарағанда бірлескен жаттығу 12 күнге жалғасады. Екі елден 3 ресми әскери қосын қатысты. Оның бәрі де арнаулы жасақтардан құралған әскери бөлімдер. Жаттығуда Ресей мен Қытай әскери өнеркәсібінің соңғы өнімдері сынақтан өткізілді.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы