![](https://qazaqtimes.com/kk/content/uploads/2017/12/1035821743-800x480.jpg?token=623aab1124864b5b024e74f2bc64674d)
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа рахмет айтты.
Қараша айының 6-ы күні Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков пен Нұрсұлтан Назарбаев телефон арқылы сөйлескен. Екі ел басшылары екі жақтық кездесулердің уақытын белгіліп, қазақ-қырғыз қарым-қатынасы жайында әңгіме қозғаған. Сөйлесу барысында Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевқа шекара дауын шешкені үшін рахмет айтқан.
Естеріңізге салайық, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сооронбай Жээнбеков алғаш рет қараша айының 30-ы күні Беларусь астанасы Минск қаласында кездескен. Осыдан кейін қазақ-қырғыз шекарасындағы дау шешіліп, екі ел арасындағы кеден қызметін реттейтін «жол қартасы» жобасы қабылданған болатын.