Қырғызстан Жоғары Кеңес депутаты республикалық маңызы бар тас жолға Алмазбек Атамбаевтың атын беруді ұсынды.
Желтоқсан айының 5-і күні «Бір жол» партиясының депутаты Қуанышбек Жұмалиев Жоғары Кеңестің жылжымалы комиссия отырысында елдің оңтүстігі мен солтүстігін байланыстыратын тас жолға экс-президент Алмазбек Атамбаевтың атын беруді ұсынған. Оның сөзінше, Алмазбек Атамбаев тас жолға атын беруге лайықты тұлға.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Қырғызстанның су жаңа президенті Сооронбай Жээнбеков Алмазбек Атамбаевқа «Қырғызстан Республикасының Батыры» атағын берген. Ал біздің елімізде 1 желтоқсан «Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Алматы қаласының басты көшелерінің бірі Фурманов көшесіне Нұрсұлтан Назарбаевтың аты берілген болатын.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?