 
                                    Испания Соты Каталонияның бұрынғы вице-президенті мен оның жанындағы үш серіктесін бостандыққа шығарудан бас тартты. Сепаратистік қозғалыс басшылары Каталонияда 21 желтоқсанға белгіленген сайлауға кедергі келтіруі мүмкін деген күдіктен абақтыда қалатын болды. Олармен қатар тұтқындалған алты экс-министр әрқайсысы 100 мың еуро көлемінде айыппұл төлеп, азат етілді. Бұл туралы APF ақпараттық агенттігі жазды.
Экс-министрлерді бостандыққа шығару үшін айыппұл құнын төлеуді өз мойнына алған Каталонияның бұрынғы Ұлттық Ассамблеясы дүйсенбі күні абақтыдағы өзге саяси тұтқындардың азат етілуін талап етіп, наразылық шеруін ұйымдастырды.
Сонымен қатар Бельгияда Каталонияның бұрынғы басшысы Карлес Пуджемонт пен оның жақын үш әріптесін Испанияға экстрадициялау мәселесі бойынша сот отырысы болып өтті. Брюссель Соты Испания Үкіметінің каталан басшыларын өз елінде жазаға тарту үшін қайтару туралы өтінішін қанағаттандыратынын не бас тартатынын 14 желтоқсан күні айтады.
Каталонияның төрт бірдей көшбасшысының түрмеде қалуы алдағы сайлауда өз кандидатурасын ұсынатын сепаратистердің Испанияны саяси репрессияға айыптауына жол ашуы мүмкін. Карлес Пуджемонттың қорғаушысы оның сайлауға дейін Бельгияда қалатынын хабарлады. Каталонияның бұрынғы Президенті сайлауға қатысатынын жеткізіп, туған жеріне тек заңды басқарушы есебінде ғана қайтқысы келетінін айтқан болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Каталония халықтық референдум қорытындыларына сүйеніп, өзін Испаниядан тәуелсіз территория деп жариялағанынан кейін, Орталық Үкімет билікті толықтай өз қолына алған еді. Карлес Пуджемонт өз жақтастарының бір бөлігімен Бельгияға қашып, оны сыртынан жазаға кескен Испания Сотының әділдігіне сенбейтінін жариялаған болатын.












 
                                                        





 Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                        Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
                                     Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                        Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
                                     Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                        Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
                                     Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                        Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
                                     Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                        Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
                                     Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау
                                        Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау