Алдағы үш тәулікте Қазақстанның солтүстік және оңтүстік өңірлерінің ауарайы туралы "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап “The Qazaq Times” хабарлайды.

  Солтүстік Атлантика мен Жер Орта Теңізден жылжыған циклонның ықпалына байланысты алдағы үш тәулікте республиканың күрделі метеорологиялық жағдай сақталады. Солтүстік өңірлерінде қарлы бұрқасын сақталады, көріну қашықтығы 200-500 м, екпінді жел 15-20 м/с соғады. Оңтүстік  және Батыс Қазақстан облыстарыңда кей жерлерінде қар, ылғалды қар сақаталады, көктайғақ пен тұман байқалады көріну қашықтығымен 100-500 м, әсіресе таулы аймақтарда қауіпті болуы мүмкін. Ауа температурасы климаттық нормадан 4-8 ºС жоғары болады. 

"The Qazaq Times"