Ауғанстанның шығыс өңірінде «Ислам мемлекеті» ұйымы мен Талибан арасында қақтығыс болып 18 адам оққа ұшқан. Бұл туралы Ауғанстан ақпарат құралдарына сілтеме жасай отырып, «Шинлаң» ақпаратты сайты хабарлады.

Екі күн бұрын Ауғанстанның шығысындағы Нонгархар провинциясында жасырынып жүрген «Ислам мемлекеті» экстремистік топтары сол елдегі қарулы Талибанмен қақтығысып қалған. Екі тараптан кемінде 18 адам қаза болғаны туралы мәлімет бар.

Сол елдегі телеарналардың хабарына қарағанда, «Ислам мемлекеті» ұйымынан 6 адам қаза болып, 4 адам жараланған. Талибан ұйымынан 12 адам қаза тауып, кем дегенде 8 адам жарақат алған. Екі қарулы топ соңғы апталарда бірнеше рет қақтығысқан, әр ретте кемінде бірнеше адам жарақат алған. Екі қарулы топ бұл туралы әлі де түсініктеме таратпаған.

Биыл «Ислам мемлекеті» ұйымы Ауғанстандағы Талибан ұйымына  бірнеше рет шабуыл жасады. Екі топтың қақтығысы көбінде Худжании шекаралас аймақтарында болып отыр.

Талдауларға қарағанда, қарулы террорлық топтар аймақтағы ықпал көлемін кеңейту үшін қақтығысады. Бұл әрекеттер аймақтың қауіпсіздік жағдайын барған сайын нашарлатуда. Қақтығыс болған аймақтарда кемінде 10 мың отбасы бас сауғалап қашып кеткен. Жергілікті тұрғындар бірнеше рет Ауғанстанның қауіпсіздік күштеріне әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін қарулы топтарды жоюын талап етті. Дегенмен, жергілкті үкімет күштеріні аймақты толық бақылауға қауқарсыз болып келеді.

“The Qazaq Times”