Батыс елдерінде кез келген мерекелерді «сырамен» атап өту дәстүрге айналған деуге болады. Тіпті, президенттерінің өзі қарапайым сыраханаларға барып, мерекелерді атап өтуге атсалысады екен. Жалпы, сыра дегеніміз – арпа, су және құлмақ (хмель) араластырып ашыту арқылы дайындалатын алкоголі аз сусын (ішімдік). Оның құрамында 4-10%-ға дейін тез сіңетін тағамдық заттар, 0,3-0,4% көмірқышқыл газы мен органикалық қышқылдар, 1,8-6% шамасында алкоголь болады. Кейбір саясаткерлер жасырмастан, сыраны өздері дайындап ішетіндіктерін ашып айтқан.
Сыраны дайындаудың бізге мәлім әдісін ұсынғанды жөн санадық. Сыра дайындауда арпаны тазалайды, жуады, суға салып жібітіп қабығынан ажыратады. Осы дәндерді көктетіп, ары қарай ыстық бумен кептіріп, диірменге тартады да, суға араластырады. Суда біршама уақыт ұсталған соң, қою массаға айналады. Оны сүзіп, үстіне құлмақ (хмель) салып қайнатады. Осыдан соң пайда болған массаны қайта сүзіп суытады. Сосын ашыту аппаратында 5-90°С температурада, 7-8 тәулік сақталады. Одан соң ары қарай ашыту және дәмі жетілу үшін, 0-20°С температурада, арнаулы ыдыста сақтайды. Сыраның толық ашу уақыты 21-90 тәулікті қамтиды.
Төменде "Сыра және саясаткер" деген айдармен фотосуреттер ұсынып отырмыз.
2012 жылы Айов штатындағы сайлауалды турнеде, АҚШ президенті Барак Обама, барлық ішімдіктердің ішінде сыраны таңдайтынын және оны өзі дайындайтындығын айтқан.
2012 жылдың 19 қаңтарында Санкт-Петербург қаласында Владимир Путин Ресей Футбол одағының 100 жылдығына орай ұйымдастырылған мерекелік кештің қонағы болды. Ресми іс-шараларға ғана емес, жанкүйерлерімен «сыра ішіп отыратын» бейресми отырыстарға да уақыт бөледі екен.
2008 жылдың 12сәуірінде АҚШ президенттігіне үміткер Хилари Клинтон демократ-достарымен «Бронко» ресторанында бас қосқан. Индиана штатындағы 72 съезд делегаттардың дауыс беруі – АҚШ-тыңы бірінші ханымы үшін сыра ішуге себеп болды. Нәтижесінде, 7 мамыр күні Клинтон Индианадағы «Праймеризді» жеңіп алды. Алайда тура бір айдан кейін (7 маусымда) ішкі партиялық күрестен бас тартып, Обаманың кандидатурасын қолдайтынын айтты.
2012 жылы Монако Альбер II және жұбайы Шарлен Монте-Карлода «Октоберфест» фестивалін ашты. Баварлықтардың ұлттық киімін киген жұбайлар, үлкен ыдыспен сыра ішіп, мерекені бастап берді.
2007 жылы Николя Саркози президент болып тағайындалғаннан кейін, француз сыра жасаушылары – мемлекеттің бірінші адамы ішпейді деп дабыл қаққан болатын. Расында, бұл сурет 11 жыл бұрын, Саркозидің қаржы министрі ретінде Париждегі Халықаралық ауыл шаруашылық көрмесіне қатысқан кезінде түсірілген.
БАҚ-та Ангела Меркельдің сырамен отырған суреттері жиі байқалады. 2016 жылы 29 ақпанда Фолькмарзене қаласындағы партия жақтаушыларымен бас қосуда Германия канцлерінің сыра ішіп отырған кезі. Осы отырыстан 2 күн бұрын ханымды «сыраға шомылдырды» десе де болады. Бұл оқиға 27-сі күні Деммине қаласында орын алған. Ангела Меркельге қызмет көрсетіп жүрген даяшы, шалынып қалып, бірнеше сыра құйылған құтысы бар науасын ханымның үстіне құлатып алған. Алайда, канцлер байыппен қарап, кездесуді әрі қарай жалғастыра берген.
БАҚ-тың хабарлауынша, Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмирон Guinnes пен классикалық Эльді жақсы көреді.
1998 жылғы мамыр айындағы, Бирмингемдегі G8 саммиті қарсаңында АҚШ президенті Билл Клинтон, уақыт тауып қарапайым қалалық сыраханалардың бірінде сыра ішіп отырған кезінде түсірілген сурет.
2002 жылы Уэльский Чарлз ханзадаға «Ханзада Эльский» атағы берілді. Оған «Партиялық-парламенттік сыраханалар тобынан» арнайы сыйлық берілді. Осылайша, ханзада ағылшын ауылдарындағы сыраханалардың жойылып кетпеуі үшін «Pub is the Hub» компаниясын атап өтті.
Николя Саркози президент болып тағайындалғаннан кейін, француздық сыра жасаушылар – мемлекеттің бірінші адамы ішпейді деп дабыл қақса, керісінше билікке Франсуа Олланд келгенде сыра жасаушылар алаңдай бастады. 2013 жылы Франция басқармасы, президенттің қолдауымен жаңа жоба ұсынды. Ол жоба бойынша, сыраға салынатын салық 160 пайызға өсті.
"The Qazaq Times"