Армения парламентінде Еуразиялық экономикалық одақтан шығуға байланысты заң жобасы талқыланды – деп хабарлайды Tert.am онлайн-газеті.
Tert.am мәліметінше, заң жобасын «Елк» фракциясы ұсынған. Ұсынылған жобаға байланысты фракция мүшесі Эдмон Марукиян депутаттар алдына сөйлеген сөзінде: «Армения ЕАЭО-ға мүше болып кіргеннен бері елдің әлеуметтік-экономикалық салалары алға ілгерлеудің орынына керсінше, құлдырауда. Оның үстіне Еуразиялық эконмикалық одақ аясындағы әріптесіміз Ресей жыл өткен сайын Әзірбайжанды соңғы үлгідегі қару-жарақпен қамтамасыз етуін тоқтатар емес. Армения ЕАЭО-дан шығып, өзінің саяси жолын таңдауы тиіс. Бұдан бөлек біз ЕАЭО заңдары бойынша, өзге елдермен сауда-саттық та жүргізе алмай отырмыз. Біз үздіксіз қару-жарақ сатып алуға байланысты несие келісімдерін үнемі жасай алмаймыз. Экономиканы дамытпай ол несиелерді ертең қайтара алмаймыз. Арманияға Еуропа елдерімен экономикалық байланыс орнату керек» - деген.
Естеріңізге салайық, бұдан бөлек қазіргі таңда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дауда шешімін таппай тұр. Жалпы ЕАЭО құрылғалы бері басынан дау арылған емес. Біресе Ресей мен Беларусь, біресе Қазақстан мен Қырғызстан, енді міне Армения одақ аясындағы шарттарға көңілі толмай шу шығаруда.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?