«Сан-Диегодағы Калифорния университетінің студенттері сыраны жер серігінің үстінде де дайындауға болатынын анықтады», – деп хабарлайды ria.ru.
Америкада Lab2Moon сайысы ұйымдастырылады және одан озық шыққандар TeamIndus Spacecraft аталатын ғарыштық аппаратпен қолдану мүмкіндігіне ие болады. Аталмыш жарыстың жеңімпаздары – осы Калифорния университетінің студенттері болды. Олар Айдың бетінде тәжірибе жасады.
Студенттер сыраны дайындауға бағытталған, бірнеше сеанстардан тұратын жобасын қорғап шықты. Ғарыштық аппаратқа автоматты түрде қажетті ингредиенттер енгізіліп тұратын, арнайы сыйымдылығы жоғары құрылғы енгізілмек.
Сонымен қатар, қатысушылардың мәлімдеуінше, олардың алдына қойған нақты ғылыми мақсаттары бар. Мысалы, көптеген тағамдарға қолданылатын ашытқының Айда қандай физикалық күйге түсетіні әлі де анықталмаған.
"The Qazaq Times"


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
Қазақстандағы жасанды интеллекттің ақпараттық жұмысы және БАҚ еркіндігі: Билік ЖИ-ді шектеу саясатын қолға ала ма?
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді
ФБР Пентагонның құпия құжаттарының жариялануына қатысы бар күдіктіні қамады
Назарбаев "құрметті сенатор" атағынан айырылды
Моңғолия астанасында жаппай наразылық шерулері өтті