Ұлыбритания 2017 жылғы экономикасы ең ірі әлем елдері рейтингінде алтыншы орынға тұрақтады. Бұл туралы елдің қазына жөніндегі канцлері Филип Хэммонд мәлімдеді, деп хабарлайды CNN.
Хэммонд Халықаралық валюта қоры жариялаған мәліметтерді негізге келтіріп отыр. Рейтингте Британияның алдына 2,575 трлн доллар жалпы ішкі өнім көлемімен Франция шыққан. Ал Британия Корольдігінің жалпы үшкі өнімі - 2,565 трлн доллар. Байқағанымыздай екі ел арасындағы ЖІӨ көрсеткішінде аса айырмашылық жоқ, бірақ мәліметтерге сенсек алдағы уақытта Франция өзінің позициясын нығайта береді. Мемлекет 2013 жылдан бері алғаш рет бәсекелесінен бір сатыға жоғарлады.
Хеммондтың сөзінше, Ұлыбритания экономикасының бірден бәсеңдеп кетуі елдің Еуропалық одақтан шығу туралы шешімімен байланысты екенін көрсетеді. Себебі осыдан кейін фунд стерлингтің құны төмендеп, тұтынушылар шығыны көбейіп, баға көтерілген.
Халықаралық валюта қоры ұсынған рейтингте экономикасы ең ірі ел ретінде АҚШ тұр (19,4 трлн доллар). Одан кейінгі орындарда Қытай (11,9 триллиона), Жапония (4,9 триллион), Германия (3,7 триллиона).