Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй, 24 қараша күні Брюссельдегі ЕО-ның штаб-пәтерінде Еуропа Кеңесінің төрағасымен кездесті. Кездесуде Ұлыбританияға ұсынылған «Брексит» (Ұлыбританияның ЕО-дан бөлінуі) туралы мәселелерді талқыланды. ЕО-ның дипломатиялық дерек көздері берген мәліметке қарағанда, екі тарап сөйлесу кезінде алдағы Ұлыбритания мен ЕО арасындағы ең өзекті мәселе болған «Қолүзу ақысына» (Еуропалық Одақтан бөлініп шыққаны үшін Ұлыбританияның төлейтін төлемі) қатысты мәселеде түсіністік тапқан.
Бұл осыған дейін екі тарапқа бірдей аса сезімтал тақырып. Диалог барысынан алып қарағанда келіссөз жүргізу мүмкіндігі жоғары. ЕО қазір келіссөздің дайындығы үстінде. Бұл туралы «Шинхуаның» ресми сайты хабарлады.
10 қарашада Брюссельде ЕО-Ұлыбритания келіссөзінің 6-шы туры аяқталды. Екі тарап «Қолүзу ақысы» ғана емес, азаматтық құқықтар, Ұлыбритания мен Ирландия шекарасы сияқты негізгі мәселелер де түсіністік тапты. Соңғы ұсыныс ретінде Британиядан екі апта ішінде «Қолүзу ақысы» туралы нақты жауап сұраған болатын. Бұл жауап болмайынша келіссөздің сауда байланыстары туралы келесі кезеңі ашылмайтынын айтқан.
Британдық БАҚ хабарлауынша, премьер-министр Тереза Мэй «Брексит» кабинетінің мықтыларын қолдауға ие болды және Еуроодақтың 60 миллиард еуроға бағасын сұратып, алшақтықты азайту үшін «бұзу ақысы» ставкаларын көтерді. Британдық бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, британдық үкімет 20 миллиард еуродан 40 миллион еуроға жуық сомаға бөлінген төлемді екі есе арттыруға дайын.
Бұл шешімді Ұлыбритания ақпарат құралдары арқылы жария етіп, Еуропалық кеңестің келіссөз жүргізуші группасының сенімін бекемдеген. Бұл екі жақты сенімділік пен түсіністікті арттырғанын ЕО басшылары да мойындап отыр. Олар сөзінде «Егер Ұлыбритания жақ бұл қадамды жасамағанда, келіссөздің келесі кезеңіне бізде күшті дайындық жасамаған болар едік», – дескен. Британия үкіметінің 40 миллиард еуроға шақыру бағасы ЕО ұсынған 60 миллиард евродан әлдеқайда төмен болғанымен, 60 млрд евро «Қолүзу ақысына» қойған ЕО-ның ең жоғары көрсеткіші.
Егер тараптар бұл сомаға келісуге дайын болса «Брексит» келіссөзіне жауапты ЕО-өкілі Мишель Барнай келесі кездесуді бастап кетуге дайын екенін жеткізді. Ол және Тереза Мэйге көмектесіп, ұлыбританиялықтардың «қолүзу ақысына» байланысты қоғамдық пікірінің дұрысталуға тырысады. Осылайша Ұлыбритания мен ЕО арасындағы наурыз айынан басталған «Қолүзу ақысын» мәселесі және «Брексит» қиындықтары оңына басты.