Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеев пен Ресей президенті Владимир Путинді марапаттады.
Қырғызстан президент әкімшілігі баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Алмазбек Атамбаев Өзбекстан басшысы Шавкат Мирзиеевті «Данакер» орденімен, ал Ресей президенті Владимир Путинді бірінші дәрежелі «Манас» орденімен марапаттаған.
Естеріңізге салайық, қос елдің президентін орденмен жарылқаған Алмазбек Атамбаев Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты қараша айының 15-сі күні өткен Ұлттық кеңес отырысында «көрші елдің қартайған басшысы» деген болатын. Ол бұған дейін ресми Астананы Қырғызстанның ішкі саясатына араласты деп айыптап, екі ел арасындағы шекара дауына Қазақ билігі кінәлі деген.
















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды