Тәжікстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы мүмкін – деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан ақпарат агенттігі.
Қараша айының 20-сы күні Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Баку қаласындағы ADA университетінде сөйлеген сөзінде: «Ресей Әзірбайжанның ЕАЭО-ға мүше болғанын қай уақытта болса да қолдайды. Қазіргі таңда Тәжікстанды Еуразиялық экономикалық одаққа қабылдауға байланысты құжаттар қаралуда» - деген.
Естеріңізге салайық, бұған дейін Тәжікстан кеден қызметі төрағасының орынбасыры Хуршед Кәрімзода: «Тәжікстан үкіметі ЕАЭО-ға мүше болуға байланысты Қырғызстан мен Армения елдерінің тәжірибесін қарауда» - деп мәлімдеген болатын.
Көптеген тәжікстандық сарапшылардың сөзінше, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер Тәжікстанды одаққа қабылдауды әдейі кешіктіріп отыр. ЕАЭО-ға мүше боламын деп жүрген соңғы екі жылда ел үкіметі алты миллиард доллар қаржы жоғалтқан.


















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды