Нигерияның солтүстік-шығысында орналасқан мешітке жиналған жұртшылықтың арасында жасөспірімнің өзін жарып жіберуі салдарынан 50-ге жуық адам қаза тапты. Құқық қорғау органы қызметкерлері террактіні "Боко Харам" ұйымының ісі деп бағалап отыр. Бұл 2016 жылдың желтоқсан айында екі жанкешті әйел базарда өздерін жарып жіберіп, 45 адамның өліміне себеп болғаннан кейін болып отырған ең үлкен террактілердің бірі.
Осыдан екі жыл бұрын "Боко Харам" ұйымы толықтай жеңілді деп жариялаған Нигерияның Президенті Мұхаммаду Бұхари террактіні "жантүршігерлік" деп атап, көпшліктің қайғысына ортақтасты. Полиция қызметкері Осман Әбубәкірдің айтуынша, қылмыскер 17 жас шамасында болған.
Террактіге қатысты өзге деректер белгісіз. Дегенмен полиция қызметкерлері Боко Харам ұйымының елдегі билікке араласу туралы ойлары сәтсіз аяқталғаннан кейін, олар қарапайым азаматтарды қорқынышта ұстауға талпынатын болуы керек. Өйткені осыған дейін аталған ұйым үкімет тарапынан бейбіт тұрғындарға тиіспеу туралы ескерту алғанымен, оған құлық аса қоймаған.