Ресей Сүрия аумағындағы әскери операциясын аяқтауда – деп мәлімдеді РФ президенті Владимир Путин.
Бүгін қараша айының 21-і күні Сочи қаласында Ресей басшысы Владимир Путин Сүрия президенті Башар Асадпен кездесті. Кездесу барысында Путин Сүриядағы соғыс жайында: «Терроризммен күрес аяқталды деп айту әлі ерте. Бірақ біздің Сүрия аумағында бірігіп жүргізіп жатқан әскери операциямыз аяқталуда» - деген.
Бұдан бөлек кездесуден кейін БАҚ беттерінде Сүрия басшысы Башар Асад АҚШ президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлеседі деген ақпарат тараған.