Өткен аптада Өзбекстан БАҚ өкілдері осы уақытқа дейін қалың жұртшылыққа айтылмай келген елдің алтын валюта қорының жалпы көлемін жариялады.
Орталық Банк төрағасы Тимур Ишметовтың сөзінше, қараша айында елдің алтын валюта қоры 750 миллион долларға өсіп, жалпы көлемі 26 миллиард долларды құраған. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтың шешімі бойынша, 2018 жылдың қаңтар айының 1-нен бастап, ведомствалар мен Орталық Банк елдің макроэкономикалық көрсеткіштері мен алтын валюта қорының көлемі жайындағы ақпараттарды жариялайтын болады.
Қазіргі таңда Орталық Азияда алтын валюта қоры ең көп Қазақстан Республикасы. Ол 2017 жылдың ақпан айында 30 миллиард долларды құраған. Екінші орында 26 миллиард доллармен Өзбекстан, үшінші орында 22, 64 миллиард доллармен Түркіменстан, төртінші орында Қырғызстан (1 миллиард 778 миллион доллар), бесінші орында Тәжікстан Республикасы (1 миллиард 54 миллион доллар) тұр.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды