Еуропа Одағы елдері Африка мен Орта Шығыстан келген 34 мың босқынды қабылдауға келісім берді. Бұл шешім бір күн бұрын БҰҰ-ның Еуропа елдерінің Ливиядан келген қайықтарды шекарадан өткізбеген, адамгершілік тұрғысынан ақталмайтын әрекеттері үшін сынға ұшырағаннан кейін қабылданып отыр. Одаққа мүше 16 мемлекет Еуропа Комиссиясының алдағы екі жыл ішінде 50 мыңға жуық босқынды қабылдау туралы бағдарламасына сәйкес, 34 мың босқынды бөліп алып, өз елдерінен баспана тауып беруге келісім берді.
Еуроодақтың босқындар бойынша комиссары Дмитрис Аврамополус қабылданған шешім шекараны заңсыз асатын мигранттардың қауіпті жолдарды таңдап, теңізде өлу қаупін азайтарына сенеді. 2015 жылы ең алғаш босқындар дағдарысы басталған уақыттан бері арада екі жыл уақыт өтсе де, Жерорта теңізі түбіне батып кететін қайықтардың қайғылы оқиғасы әлі де жиі кездеседі. Еуропа комиссары Одаққа мүше мемлекеттердің бұл мәселені бірігіп шешу туралы ортақ келісімге келгені жағдайдың тұрақталғанын көрсететінін жеткізді.
Сондай-ақ ол, Польша, Чехия және Венгрияны босқындарды қабылдаудан түбегейлі бас тарту саясатын қайта қарауға шақырды. Олай болмаған жағдайда Еуропа Комиссиясы тиісті шаралар қабылдауға мәжбүр болатынын жеткізген өкіл Италия мен Грециядағы босқындардың бір бөлігін басқа орынға қоныстандыру қажеттілігін хабарлады. Екінші Дүниежүзілік соғыстан бері алғаш рет ең үлкен босқындар ағынын ұшыратып отырған Еуропа елдері мәселені шешу үшін Ливияның шекара қызметімен Жерорта теңізі арқылы Еуропаға өтуге ынталы мигранттарды қолға түсіру туралы келісімге келген болатын. БҰҰ Еуроодақтың бұл әрекетін қатаң сынға алып, "Ливияда қолға түскен мигранттардың қайғысы - адамзат баласының арына жүк" деп атады.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі