ҚР Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, 2017 жылғы қыркүйекте халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 79391 теңгені құраған, албұл 2016 жылғы қыркүйекке қарағанда 4,3% жоғары, дегенмен нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,6% төмендеген.
Бұдан бөлек министрлік орташа жалақыға қатысты да ақпаратты ұсынды. 2017 жылғы қазанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 149917 теңге болған.
Ал жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз. 2017 жылғы қазанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 438,2 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Бұдан бұрын ұсынылған мәліметтерде де жұмыссыздық деңгейі дәл осылай көрсетілген еді.
Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қазанның соңына 134,6 мың адам болған немесе жұмыс күшінің 1,5%-ын құрайды.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?