Алмазбек Атамбаев шекара қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды – деп хабарлайды қырғызстанды БАҚ өкілдері.
Қырғызстан президент әкімшілігі баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, қараша айының 8-і күні Қырғызстан қарулы күштері бас штабының басшысы Райимберді Дүйшенбиев Алмазбек Атамбаевқа шекара жағдай мен қарулы күштердің дайындығы жайында есеп берген. Кездесу барысында Дүйшенбиев Баткенск облысындағы «Мың бұлақ» заставасының құрылысы аяқталып, ашылуға дайын екендігін айтқан. Ал Алмазбек Атамбаев өз кезегінде Дүйшенбиевке шекара қауіпсізігін күшейтуге тапсырма беріп, елдің қорғаныс саласын одан ары дамыту керектігін айтқан.
Бұған дейін мамыр айының соңында Қырғызстан қарулы күштерінің 25 жылдығында сөйлеген сөзінде Атамбаев: «Қырғыз армиясында реформа сәтті жүргізілді. Қырғызстан қарулы күштерінің қазіргі әл-ауқаты алты жылдық еңбектің нәтижесі» - деген болатын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды