Өзбекстан Қазақстанда болған төтенше жағдайларға байланысты интернетсіз қалды.
«Өзбектелеком» компаниясының баспасөз қызметі таратқан мәлімет бойынша, Өзбекстанның интернетсіз қалуына Қазақстан аумағында болған төтенше жағдай себеп болған. Осыған байланысты 7-8 қараша күндері ел аумағында интернет уақытша тоқтатылған. Қазақстандық «Қазақтелеком» компаниясының мәліметінше, қараша айының 7-сі мен 8-і күндері Өзбекстан мен Қазақстанның оңтүстік аймақтарына интернет тарататын желілерде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Сол себепті Өзбекстаннан бөлек Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Арыс, Отырар, Ордабасы елді мекендерінде де интернет қызметі уақытша тоқтатылған.
«Өзбектелеком» компаниясы Өзбекстанды толығымен интернетпен қамтамасыз ететін елдегі бірден-бір компания. Ол Өзбекстан аумағында халықаралық телекоммуникация желілеріне қосылған жалғыз кәсіпорын.

















«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды