Уашингтон – жұма, (біздің уақытпен сенбінің таңында) Доналд Трамп (Donald John Trump) ресми түрде АҚШ-тың 45 кезекті президенті болып тағайындалды. Трамп өзінің өкілетті мерзімінде қалыпты жүйені бұзбау шарты астында Америка Құрама Штаттарының даңқын қалпына келтіруге уәде берді. Бұл туралы "The New York Times" хабарлайды.

Уашингтондағы парламент сарайының алдына неше он мыңдаған адамдардың жиналғанын көруге болады. Аздаған себезгі жаңбыр жауып тұрды. Трамп болса Американың бүгінін сипаттағанда – қайшылықтар мен жапаға толы күрестер, Уашингтондағы бір топ элитаның бәрін қолына ұстай отырып,  халықты ұмыт қалдыру, бүкіл әлемнің ырықсыз кері кетіп бара жатуы деп көрсетті. Ол өзінің билікке келуімен мұның бәрі керісінше болады деп сенім білдірді.

Трамптың Америкаға уәде беруі. Фото: Belfast Telegraph

Оның 16 минуттық сөзінің басты ұраны мынадай болды:

  • «АҚШ-тың бұл кескілескен теке-тіресі дәл осы сәттен бастап шешімін табады».
  • «Бос сөздердің дәуірі осымен өтіп кетті, енді нағыз әрекет етудің уақыты туды».
  • «Кез келген адамның бұл жүзеге аспайды деп айтуына жол бермеңіз».

Ол марапаттау расімі тек қана биліктің алмасуын ғана білдірмейтінін, бұл бір партиядан келесі саяси партияға бейбіт өткеріп беру болып саналатынын айтты. Ол сөз арасында:  «Біз Уашингтоннан барынша демеу көрсетеміз, ал сіздер – халық – қуатты күшке айналасыздар», - деп сендірді.

АҚШ-та қалыптасқан, реформалауды күтіп тұрған бір қауым істер турасында толғана келіп, Доналд Трамп: «Ұзақтан бері Уашингтондағы аз ғана топ, билікті қамтып ұстауға барынша құлшынды. Уашингтонның билігі барған сайын ұлғайып, билеушілер құдіреттенді, халық олардың алдындағы асына айналды. Кәсіпкерлер тығырыққа тіреліп, кәсіп орындар жабылды. Бұл қалыптасқан күштер, еліміздің азаматтарына қарағанда өз мүддесін көбірек қорғады. Олардың табысы әсте сіздің табысыңыз емес, олардың жеткен жетістігі еш уақытта сіздің жетістігіңіз емес еді», – дей келіп, қалыптасқан үрдісті өзгертіп, Америкаға басымдық беруге уәде етті. «Енді еліміздегі қашанда ұмыт қалып келген әрбір азаматы ескерусіз қалмайды», – деп сөзін түйіндеді.

АҚШ Жоғары сотының бас судиясы, бар-жоғы 35 сөзден тұратын қысқа ғана тағайындау сөзін сөйледі. Осыдан кейін, Доналд Трамп президент тағайындау жарлығына қол қойып, Ақ үйдегі өз қызметін ресми түрде бастап кетті.

 

“The Qazaq Times”