Орталық Барлау басқармасының Иранның "Әл-Каида" лаңкестік ұйымымен байланысын растайтын деректері жарияланғаннан кейін, Иранның Сыртқы Істер министрі Жавад Зариф өзінің твиттер парақшасында тағылған барлық айыптарды жоққа шығаратын жазба жариялады. Бұл туралы Әл-Жазира ақпараттық агентігі жазды.
Иранның Әл-Каидамен байланысы болған деген мәлімдеме Усама бен Ладеннің құжаттарын жариялау кезінде жасалды. 2001 жылы 11 қыркүйекте болған оқиғаны ұйымдастырушы Әл-Каиданың басшысы 2011 жылы АҚШ жасағының қолынан қаза тапқан болатын.
Иран жарияланған құжаттардың жалған екенін алға тартып отыр. Жавад Зариф 2001 жылы болған, "терроризмге қарсы күрес" ұранымен Ислам мемлекеттеріне қарсы соғыс ашуға себеп болған қайғылы оқиға АҚШ-тың қолымен ұйымдастырылғанына сенімді.
Иран терроризмді қолдағаны және тыйым салынған ұйымдармен байланысы үшін бірінші рет айыпталып отырған жоқ. Көп жылдар бойы бұл айыптауларды батыстық пропагандаға балап келген Иран Үкіметі қазір өзін экстремизмге қарсы күресуші мемлекет ретінде ұсынып жүр. АҚШ-тың мәлімдемелерін Иранның әлемдік сахнадағы беделіне нұқсан келтіру үшін жасалған әрекет деп таныған Жавад Зариф мемлекеттің "Досымның жауы-менің досым" қағидасын ұстанбайтынын жеткізді. Әл-Каида - АҚШ-тың жауы. Бірақ ол Иран үшін де дос бола алмайды. Жавад Зарифтің сөздерінен түсінгеніміз, террорлық ұйымның ұстанымдары Иранның режиміне қарсы.
Ол: "Иран Сүрия мен Ирактағы терроризмге қарсы күреске қатыспағанда, қазір бұл мемлекеттер "Ислам мемлекеті ұйымының қолында болар еді", - деді.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер