Солтүстік Атлантикалық Келісім ұйымы (НАТО) Солтүстік Кореяның әрекеттеріне қарсы тұруға дайындалуда. Бұл мәлімдемені аталған ірі әскери ұйымның бас хатшысы жасады, деп хабарлады «Шинлаң» ақпараттық сайты.
НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столнберг аталған мәлімдемені Оңтүстік Кореядағы әскери істер жөніндегі конференция барысында жария етті. Ол сөзінде: «НАТО өзінің әскери күшін Солтүстік Кореяның әрекеттеріне қарсы күреске пайдалануға әзір», – деді.
НАТО мүше ел саны жағынан да, аумағының кеңдігі жағынан да әлемде теңдессіз ұйым болып саналып келеді. Екінші дүние соғысынан кейін құрамына солтүстік жарты шардың көптеген елдерін мүше еткен бұл ұйым, қырғи-қабақ соғыс жылдарында да өзінің мығым қуатын әйгілеген болатын. Ұйым атынан сөйлеген Йенс Столнберг: «НАТО-ның зымыранға қарсы тұрудағы тәжірибесімен мүмкіндіктері сыннан өткен. Бұл мүмкіндіктерін Солтүстік Кореяға қарсы пайдалануға дайын», – деді.
Қазір АҚШ және оған одақтас Оңтүстік Корея мен Жапония, сондай-ақ Аустралияның да Корей түбегі мәселесіндегі майданы бір. Тек АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Кореяға қарсы әскери іс-әрекет алып баруға бірнеше рет оқталуы өңірдің ғана емес әлемнің бейбітшілігіне төнетін қатердің салмағын арттыра түсті. Бірақ, Корей түбегі қайшылығы мен Солтүстік Кореяның ядролық мәселелерін бейбіт жолмен шешуді қолдайтын елдер де көп.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер