Қырғызстанда қазақ елшілігі алдында бейбіт шеру өтті – деп хабарлайды knews ақпарат көзі.
Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметінше, елшілік алдына жиналған халық Қазақстан билігінен қазақ-қырғыз шекарасындағы дауды тез арада шешуді сұраған және бұл мәселе қысқа уақыт аралығында шешілмейтін болса, онда Қырғызстан билігіне Еуразиялық экономикалық одақтан шығу керектігі жайында талап қоятындарын айтқан. Шекара мәселесін шешуге Ақордаға 5 қарашаға дейін уақыт берген.
Елшілік алдына жиналған қырғызстандықтардың арыз-тілектерін елшілік қызметкерлері тыңдап, Қазақстан билігіне жеткізетіндіктерін айтқан. Бейбіт шеруге жалпы саны 25-30 адам қатысқан.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?