Бразилиялық әнші Лоалва Браздың – 1980-жылдардың хит әндерінің бірі «Ламбаданың» орындаушысы. Кеше оның өлі денесі жанып кеткен автомобильдің ішінен табылған. Оқиға Рио-де-Жанейро штатында, өз үйіне жақын маңдағы Сакуарама жерінде орын алған. Бұл туралы BBC.com хабарлайды.
Автокөліктің ішіндегі адамның Лоалва Браз екендігін жергілікті полиция растаған. Алайда оқиғаның қалай, не себепті болғанын әлі анықталмаған. «Ламбада» –1989 жылы француз тобы Каомамен бірлесе жазылған, Браз ханымға дүниежүзілік танымалдылық сыйлаған ән. Әлемде композицияның 5 миллионнан астамы сатылған болатын.
Лоалве Браз 63 жаста болатын.
"The Qazaq Times"


















Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?
ҚАЗАҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АНТОЛОГИЯСЫ: Қазақ құқығын бағалау тарихы туралы
Иманғали Тасмағамбетовтың ақталуы: Қазақ қоғамындағы пікірталастар
Рамазан – рухани тазалық пен мейірім айы
24 қазан – Кітапханашылар мерекесі құтты болсын!
Астанада қалған жаңаөзендік жұмыссыздар "Қазмұнайгаз" келіссөзді тоқтатып тастады дейді