Түркияда Amnesty International бүкіләлемдік құқық қорғау ұйымының қызметкерлері түрмеден босатылды. Оларды күтіп алуға жиналған көп қолдаушының қолында "Еркін құқық қорғаушылар" деген жазбалар болды. Олар "Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға талпыныс оқиғасына қатысы бар" деп айыпталғандардың құқығын қорғап, Үкіметтің әрекетін айыптағаны үшін абақтыға жабылған болатын.
Оларға Фетхуллах Гюленмен байланысы бар, Күрдістанның жұмысшы партиясымен сыбайлас деген айыптар тағылған. Негізгі қойылған кінә - "қоғамда бейберекетсіздік тудыруға тырысқан" әрекеттері. Дәл осындай айыппен 2013 жылы Түркияда көтеріліс ұйымдастырғандар да жазаға кесілген еді.
Құқық қорғау ұйымының өкілдері өз жұмыстарын қайта жалғастыратындарын ескертті. Олар шындық үшін күресу "қылмыс" емес деп ұрандатты. Олардың айтуынша, әлі де түрмеде отырған қаншама журналистер мен қоғам белсенділері бар. Олардың бар айыбы қазіргі Үкіметпен көзқарастарының қайшылығы ғана. Amnesty International адамдардың барлығы саяси көзқарастары мен ойларының әртүрлі болғанына қарамастан тең құқыққа ие болуы керек екенін атап өтті. Олар 1998 жылы қазіргі Президент Режеп Тайып Ердоғанның абақтыға түскен кезінде оны қолдаған топ болғанын айтып, осы мысал арқылы оның билік басында болмаған кезінде де көпшілік қолдауын алуға құқылы болғаны қазіргі басшылықтан алыс адамдардың да дәл сондай құқыққа қол жеткізуі керектігін көрсетті.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер