Ирак Күрдістаны билігі Бағдатпен келіссөзді бастау үшін өткен айдағы заңсыз деп табылған референдумнан кейінгі қадамдарды тоқтатуды ұсынып отыр. Естеріңізде болса референдумға қатысушылардың басым көбі Күрдістанның тәуелсіздігін қолдап дауыс берген еді. Бұл туралы BBC-дің онлайн қызметі хабарлады.
Ирак үкіметі Күрдістанның тәуелсіздік жөніндегі референдумына жауап беру үшін осыдан бұрын ірі әскери қадамға барған болатын. Ирак үкіметіне қарасты әскерлер Киркук қаласын және маңындағы бірнеше қаланы бақылауына алып, күшпен басып кірген болатын.
Бұған қарсы тұрған күрд қарулы күштері мен Ирак үкімет армиясы арасында болған қақтығыстан оннан астам адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алған. Азаматтық соғыстың болуынан алаңдаған Күрдістан билігі күрдтерге оқ шығармауды ескертіп, шегінуге үндеді.
Қазір Күрдістан билігі тәуелсіздік туралы референдумға әскери әрекетпен жауап қайтармақ болған Бағдат билігін келіссөзге шақырды. Күрд қарулы күштері мен Бағдат үкіметінің күштері арасындағы қақтығыс жалғаса берсе бұдан да көп адам шығыны болатынын ескертті. Қазірге дейін Бағдат билігі бұған жауап қайтарған жоқ.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Бейбітшілікке бөгет болған логика: Украина–Ресей соғысының шешілмейтін түйіні
Наразылықтың түп-төркіні: Иран қоғамын алаңға шығарған негізгі себептер