Швейцарияда Гүлнара Кәрімованың банк шоттарында бұғатталған қаржысына байланысты құпия ақылдасулар басталды – деп хабарлайды Le Temps газеті.
Басылым мәліметінше, Гүлнара Кәрімованың Швейцария банктерінде бұғатталған миллиондаған долларларының алдағы уақытта кімге берілуі керектігін Швейцария прокуратурасы, әділет министрлігі және федералды халықаралық істер департаменті қызметкерлері құпия бас қосулар арқылы шешуде. Бұл мәселе бойынша барлық сұрақтардың жауабы жақын күндері белгілі болуы мүмкін. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, қазіргі таңда Швейцария прокуратурасы мен әділет министрлігінде Гүлнара Кәрімованың 800 миллион франк (784 миллион доллар) қаржысының алдағы иесі кім болатыны анықталуда. Айыптаушы тараптың ойынша, бұл қаржының барлығын Кәрімова ханым осы уақытқа дейін Өзбекстанда жұмыс істеп келген телекаммуникациялық компаниялардан пара ретінде алған. Қазіргі уақытта аталмыш қаржыны қайтарып алуға Өзбекстан, АҚШ және Голандия елдері үмітті. АҚШ Гүлнара Кәрімова қаржысының 550 миллион доллары өзіне тиесілі деп есептейді. Бірақ Швейцария билігі Кәрімова қаржысын Өзбекстанға қоғамдық ұйымдар арқылы қайтарып беруге дайын екендігін айтқан.
Естеріңізге салайық, Гүлнара Кәрімова ісі осыдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. Тексеру жұмыстары барысында Telia, VimpelCom және МТС телекоммуникация саласының компаниялары Өзбекстан аумағында жұмыс істеу үшін Гүлнара Кәрімоваға пара бергендігі анықталған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?