Астана әкімдігі аппаратының жиналысында қала әкімі Әсет Исекешев аудан әкімдеріне қар түскенше жөндеу жұмыстары жүріп жатқан жолдарды реттке келтіруді тапсырды, - деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Қалада үш ауданында тұрғын үй кешендерінің аулаларын абаттандыру жүруде.
Алматы ауданы әкімінің орынбасары Талғат Тілеуовтың сөзінше, тазалық және жылыту маусымы бойынша жұмыстар ойдағыдай.
Ал Есіл ауданында да абаттандыру жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. «Құлагер 1», «Құлагер 2», «Құлан», «Сауран» тұрғын үй кешендері мен «Триумфальный» саябағы абаттандырылған.
«Біз 270 көлікке арналған автотұрақ орнын және аулааралық жолдарды аяқтадық, оның ішінде 23-і дайын, қалғанын келер жылы аяқтаймыз», - деді Есіл ауданының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев.
Сондай-ақ, Сарыарқа ауданында 195 аула абаттандырылған және 60-ында асфальт төселген.
«Бұл бағытта жұмыстар жалғасуда, күн райы қолайлы болса жұмыс жүре береді. Жыл басынан бері 75 үйге 114 жарық орнаттық, алдағы уақытта 244 үйді қамтып, жыл соңына дейін аяқтау жоспарда бар», - деп айтты Сарыарқа ауданы әкімі Арман Тұрлыбек.